Өлкетанушы, қоғам қайраткері Сәмет Мағзумовтың "Шапағатты өңір" атты кітабында ел-жұртының өркениетті дәстүрін ауданның көне көз, дария пейіл қарияларының шежіредей ширата бейнелеген естеліктері жинақталды. Автордың қолжазбасы рухани жаңғырудың бастауы мазмұнында тізбектелген. Мұнда автор ел ырысын молайтуда аудан жұртшылығының қазақстандық даму моделін жасау бағытына қосқан берекелі үлестерін де толғана, тебірене сипаттайды. Кітап қалың оқырмандарға арналған.