Белгілі жазушы Қалмұқан Исабайдың осы деректі кітабы Баянауыл өңірінің тумалары, еңбек және соғыс ардагері Дүйсенбай Рахметұлы мен өмірлік серігі Қапса қажы Рахымқызының өнегелі өміріне арналған. Арқаның әсем жерінде дүниеге келген бұл азаматтар өмірі, алғашқы ұстаздық жолдары кейінгі ұрпаққа қадір тұтар үлгі ретінде ұсынылады. Оқиғасы тартымды, тілі шұрайлы осы еңбек оқырман қауымының қызығып оқитын кітабына айналады деген үміттеміз.