Ұлы Отан соғысының ардагері, биыл 90 жасқа толғалы отырған қарт жазушының көп жылдар бойы жазып, Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесі қарсаңында жарық көріп отырған бұл кітабы үш бөлімнен тұрады. Кітаптың 1-бөліміндегі "Өтелген парыз" аты өмірбаяндық романы жазушының ес біле бастаған кезінен бергі алпыс жылдық ғұмыр жолынан хабар береді. Кітаптың 2-бөлімінде жазушының әр жылдарда баспасөз беттерінде жарық көрген сұхбаттары, мақалалары, т.б. жинақталған. Ал 3-ші бөлімінде автор жайлы жазушылардың, ақындардың және әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлері берілген. Кітап көпшілік оқырмандарға, жас қаламгерлерге арналған.