Кітапқа тіл білімі маманы, филология ғылымының докторы, профессор С. Бекеннің пайымдауындағы баяндамалар мен ғылыми ізденістегі диссертацияларға жазылған пікірлер тартылған. Ғалым мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін көрсетіп, оның іс-қағаздары мен ғылым тілі екендігіне баса назар аударуды көздеген. Еңбекте газет-журнал беттерінде жарияланған, радио-теледидар арқылы көпшілікке жеткізілген осы мәселелер жинақталған. Кітапты мемлекеттік кызмет лауазымдағы азаматтар және мемлекеттік тіл аясы қызықтыратын барша қауым, сондай-ақ тіл білімі бағытындағы жас талапкерлер, магистранттар пайдалана алады.