Адам тіршілігінде жақсы-жаманды, қуаныш-қайғыны бастан өткереді, көреді, көнеді. Жас алға басып, өткен өміріңнің өзіңнен алыста қалып, тек оймен ғана оралып, жақсылығын сарғайған сағынышпен, қиындығын ауыр күрсініспен ой елегінен өткізіп, жан-жақты қамтитын таусылмас ой жетегінде болады. Осының бәрін ойлап отырып, қағаз бетіне түсіру ойымда болған соң, осы азғана еңбекті жарыққа шығарғым келді.