Доскей Әлімбайұлы өз заманында талай игі жақсылармен иық тірестіре, үзеңгі қағыстыра жүріп, соңына өшпес мұра қалдырған дарын иесі. Доскей ақынның суырып салмалығы мен азаматтық болмысы жайлы ел арасында түрлі аңыздар да бар. Ол жөнінде жазылып та жүр. Табиғи таланты арқылы ол өз дәуірінің ең көрнекті тұлғаларымен жүздесіп, пікірлесіп, сөз қағыстырды. Талай мәрте от аузды, орақ тілді ақындармен айтысып, тапқырлығы мен айтқыштығың арқасында оқ бойы озық келгенін білеміз. Кітап көпшілік оқырманға арналады.