Қазақ халқы әрқашан қырғыздың әдебиетін, мәдениетін, күйін, музыкасын, биін, рухани өмірінің көркін кең біліп, терең ұғынуға құмар. Қырғыз ақындарының өлең, поэмаларын жинақтаған осы кітап советтік қазақ жұртшылығының сол тілегін қанағаттандыру жолындағы келелі бастама.