Дихан Абилев - жазушы, ақын, драматург, аудармашы. Дихан Абилев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жетіжылдық бастауыш мектепті бітірген. 1934 - 1937 жылдары Семей ауылшаруашылық техникумын, Алматыдағы журналистер институтын бітірген. Жазушының алғашқы өлеңі "Қызыл әскерге" атты 1925 жылы Семейдегі "Қазақ тілі" газетінде жарияланды. Соғыс кезінде шығарған өлеңдері біздің халықтың қиын-қыстау жылдарындағы патриоттық шығармалардың түп нұсқалық үлгісі болады.
"Москва түбінде", "Майданбек", "Қазақ қызы" және басқадай оның өлеңдері майдан газеттерінде басылды.