Қашаф Айтжанұлы Туғанбаев қазақ әдебиетінде Маяковский дәстүрін біршама қалыптастырған ақын. Оған дәлел оның «Партбилет» деп аталатын жұқа кітапша - өлеңдер жинағы. «Партбилет» деген атпен 1958 жылы шыққан. Негізгі тақырыбы – Кеңес Одағы мен партия, отансүйгіштік. Жинақ көпшілік оқырманға арналған.