Борис Степанович Житков - орыс совет жазушысы, балаларға арналған көптеген кітаптардың авторы. "Болған оқиғалар" атты жинаққа жазушының аңдар туралы әңгімелері мен теңіз хикаялары енген. Келеңсіз және
қауіпті шытырман оқиғаларға тап болған Житковтың кейіпкерлері жақсылықтан үміт үзбейді және қиындықтарға төтеп береді. Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған.