Осы жинақты оқырмандарына ұсынып отырған кешегі адам жанының арашасы - медицина қызметкері Сайрангүл Ғарифоллақызы Жүсіпова. Алланың берген дарыны болар, әртурлі тақырыпқа қалам сілтеген. Сайрангүл Ғарифоллақызы жыр арқауына әке мен анасын, әжесін, аға-сіңлісін, балалары мен немерелерін, алаңсыз өткен балалық шағын, махаббат - қызық мол жылдарын, құлын-тайдай тебісіп, бірге өскен құрбы-құрдастарын алған. Өмірдегі жақсы мен жаман, жағымсыз әдеттер, бүгінгі жастар бейнесі де назарына іліккен. Елін, жерін, халқын сүйген патриот, перзенті ретінде танылады. Өмірге құштар автор өлеңдер жинағын "Ғашықпын өмірге" деп атап, оқырманға ұсынып отыр.