Повесть қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі жайлы жазылған. Қажымұқан – қазақ топырағынан қуат алып, өзінің ерен күшін қажырлы еңбегі мен азаматтық намысына жаныған, жоқшылық өмірдің қазанында құрыштай қайнап шыныққан орасаң күш иесі. Ол күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған. Әлем сахнасында бұратана халық атанған еліміздің елеусіз тұсының өзінде Қажымұқандай балуан атын әйгілеп, әлемді таң қалдырған.