Кітап авторы - ХХ ғасыр әдебиетінің классигі. Шығармалары 1924 жылдан жариялана бастады. "Еңбек жемістері" (1929), "Табыс" (1932), "Найзағай" (1932), "Қызғалдақ" (1932), "Толқын" (1934),"Биік шыңда"(1935), т.б. өлең кітаптары басылып шықты. "Әлі қарттың әңгімесі" (1927), "Майкөл тамы" (1927), "Қос қыран" (1948) поэмаларының авторы. Ақынның шығармалары "Өлеңдер жинағы" (1937), "Шаттық үні" (1938) кітаптарына енген. "Арыс тарихы" (1932), "Маймыл ертегісі" (1933) (мұны парсы ақыны Әділқасым Jla-хутиден аударған) дастандары халық ауыз әдебиетінің үлгілері, аңыз әңгімелер негізінде жазылды. Көрнекті акынның осы жинағына түрлі тақырыптағы өлеңдер енген.