Орыстың ұлы жазушысы Николай Васильевич Гогольдің "Миргород" атты бұл кітабы жазушының қайтыс болғанына жүз жыл толуына (1852-1952) арнап шығарылды. Бұдан былай қарай Н.В. Гоголь шығармалары бірнеше том етіп шығарылады. Орыс тілінде соңғы шыққан жинағында "Миргород" екінші том, сондықтан сол тәртібі сақталды. Үшінші томы - "Повестері" - осымен қатар шығарылды, бұл да жүзжылдыққа арналды. Бірінші том ("Диканькаға жақын отардағы кештер"), тағы басқа томдары кейінгі жылдар шығарылады.