Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты "Қазақ эпосы" деген жалпы атпен батырлар жырын, тұрмыс-салт жырларын жеке-жеке кітапша етіп бастырып отыр. Бұл баспаға батырлар жыры мен тұрмыс-салт жырларының халыққа белгілі, оқушы жұртшылық арасында көп тараған түрлері кірді.