Жазушы 1921 жылы қатты науқастанып ауыруына байланысыты, Камышлев атқару комитетінің шақыруымен Оралға аттанады. Осы жерде журналистік және әдебиетке байланысты қызметін жалғастырады. Орал тарихы туралы кітаптар шығарып, фольклор нұсқаларын жинай бастайды. 1923-1931 жылдары облыстық газетте тілші қызметін атқарады. 1924 жылы алғашқы очерктер жинағы «Уральские были» ("Орал аңыз-әңгімелері") атты кітабы жарық көрді. Жинаққа жазушының балаларға арналған қызықты әңгімелері мен ертегілері еніп отыр.