Табиғат тал бойына жиып берген дарынның арқасында ел ішінде - Қимадиден Нығманұлы -
наркескен жыры жарқылдаған нар ақын, жыршы-жырау, Иса дәстүрін жалғастырушы шешен тілді, асқақ үнді суырып салма ақын, ел аузындағы ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы фольклорист, Бәсентиін руының шежіресін таратушы шежіреші ретінде танымал. Бұл еңбек Қ.Нығманұлы шығармашылығын зерттеу мен архивтегі шаң басқан, жарық көруді талап етіп отырған ақын шығармашылығын көпшілік қауымға таныстыруға бағытталған. Аталмыш еңбекте ақын шығармашылығындағы азаматтық көзқараспен қатар, ақын жайындағы естеліктер, ақынның туған жер, тың игеру, Ұлы Отан соғысы, еңбекші қауым тағы басқа тақырыптарға арналған өлеңдері беріліп отыр.