Әр өңірдің өз тарихы, мақтан тұтар тұлғалары болады. Аталмыш кітапта қаламгер
Ақтоғай ауданында жасаған айтулы азаматтардың өтпелі өмірі, арғы ата-бабалары
жайлы ел аузында салған аңыз-әңгімелерді жатық баяндайды. Ақтілес пен Бәсентиін рулары шежіресі қоса ұсынылған. Жаңа кітап авторы қазақ тарихы хаттарына үңіліп жүрген қаламгер. Республикалық "Қазақ тарихы", "Қазақ әдебиеті" және "Мемлекеттік тіл" журналдарында жарияланған мақалалары ерекше көзқарасы тағзымдық сипатымен тартымды. Кітап туған өлкесін, қазақ тарихын тереңірек білгісі келетін оқырман қауымға арналады.