Сейтхазин Саттар (1927-1999) - Қарағанды қаласындағы оқытушылар институтын тәмамдаған. 1947—1951 жж. Көкшетау облысындағы орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беpiп, ұстаздық еткен. 1951 жылы Алматыға келіп, "Мектеп" баспасында редактор, аға редактор, Қазақ КСР Жазушылар одағының кеңесшісі, Қарағанды телевидениесінде аға редактор, Қазақ телевидениесінің саяси хабарлар редакциясының аға және бас редакторы, "Жазушы" баспасында аға редактор болған. "Тарих" атты алғашқы өлеңі 1947 жылы "Советтік Қарағанды" газетінде жарық көрген. Көптеген өлеңдері орыс, алтай, қарақалпақ, поляк, т.б. тілдерге аударылған. Аудармашы ретінде А. Адаровтын, С. Даниловтың, Н. Дамдиновтын, басқа да көптеген ақындардың өлең-жырларын қазақшалап, жеке кітап етіп шығарған.