Бұл жинақ біздің оқушылардың қалың көпшілігіне тосын, тың жинақ. Қазақ тілінде бірінші рет бәрі тұтасып, бір жинақ көлемінде бұл жолы көрінетіндер - ұлы Азия мен алыс алып Африканың көрнекті ақын-жыршылары. Осы жинақта ұлы дос елдеріміздің алуан ақындарының үндері ұғылады. Жинаққа кірген өлеңдердің бәрі де соңғы ұлы соғыстан кейін туған шығармалар. Ардақты оқушы мәні, жөні өзгеше жинақпен айрықша бейіл беріп танысар деген үміт артамыз.