Егеменді ел - Қазақстанның жас ұрпағын ұлтымыздың өнері мен тәрбиесіне баулуда жан-жақты білім беріп, Отанымыздың өнерлі де, өрелі тұлғасы болып қалыптасуы үшін түрлі шаралар жасалуда. Аталмыш "Домбыра үйрену мектебінің алғашқы сабақтары" атты оқу құралын да осы тұрғыда күй құдіреті жөнінде шәкіртке білім беру үшін ұсынып отырмыз. Әрбір қазақ баласының ән мен күйге деген ұлттық болмысын жетілдіру, дамыту үшін осы құралының жаңа технологиялармен жасақталған әдісі өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі, білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы және Музыкалық білім беру әдістемесі кафедрасы баспаға ұсынады.