Осы күні ел ақындары деп аталатын, халық ауыз әдебиеті өкілдердің бірі - қарт ақын Есентай Бердин "Қыз Жәкен" атты дастанында Октябрь революциясына дейін басына азаттық тимей, ұзақ бейнет кешкен, ақыры азды-көп еңбегімен азамат соғысына араласып, сүйген жігітіне қосылған қазақ қызын жырлайды. Дастан негізі, автордың айтуынша, болған оқиғадан құралған. Тақырыбы жаңалық болмаса да, халқымыздың өткен өмірінен елес беретіндей қызметіне қарап, ел жырауының еңбегін оқушы назарына ұсынып отырмыз.