Бұл кітап жоғары оқу орындарында 35 жыл ұстаздық етіп келе жатқан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ПМПИ профессоры Бақраденова Алтын Бақраденқызының студенттерге, ата-аналар қауымына, жалпы оқырмандар назарына арналып жазылған шығармаларының жинағы түрінде беріліп отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде өмірдеректік: елге, туған жерге, қызметтік белестерін айғақтайтын тағылымдық-танымдық мақалалары, екінші бөлімде дос-жарандарға, туыстарға және әріптестеріне арналған жыр шумақтары топтастырылған.