Тәжік ақыны орыс және тәжік тілдерінде жазды. Ақынның барлық дерлік еңбектері орыс тіліне аударылған, бірнеше рет республикалық және бүкілодақтық баспа органдарында, әдеби жинақтарда, сонымен қатар жеке
кітаптарда жарияланған. Ол орыс жазушылары мен КСРО республикалары жазушыларының көптеген туындыларын тәжік тіліне аударған. Ақын творчествосының қазіргі тұстағы биік белеңі - Үндістан туралы жазған осы
өлеңдері. Бұл өлеңдерді ақын сол елді барып көргеннен кейін жазды. Өлеңдердің артықшылығы, ең алдымен, большевистік партиялылығында, әрқайсысы большевик жүрегінен шын тербеніп шыққан.