Бұл жыйнақтың міндеті - орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинскийдің мектеп жасындағы бастауыш класс балаларының тәрбиелеу және оқыту мәселелері жөніндегі негізгі пікірлерін тақырып бойынша беру. Осы мақсатпен таңдап алынған материалдар мынадай тақырыптарға бөлінеді: 1) Ушинский педагогикалық теория мен практика туралы; 2) оқыту процесінде зейілді және есті дамыту туралы; 3) еңбектің тәрбиелік маңызы туралы; 4) балаларды тәрбиелеу туралы және тәрбиеші мұғалімдерге қойылатын талаптар туралы; 5) дидактиканың негізгі мәселелері туралы және 6) ана тілін алғашқы оқыту туралы. Тиісті библиографиялық көрсеткіштер жыйнақтың соңында ескертулердің ішінде берілді.