Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті өтіледі. Оның бір саласы ретінде қазақтың ертедегі ауыз әдебиеті оқытылып келеді. Бірақ соңғы кезде басылып шыққан оқулықтың немесе басқа оқу-құралдарының болмауы қазақ ауыз әдебиеті үлгілерімен студенттердің жете танысуына қиыншылық тудырып жүр. Бұл қиыншылықтарды жеңілдету, студенттерге нақтылы материал беру мақсатымен осы хрестоматияны ұсынып отырмыз. Бұған ертедегі ауыз әдебиетінің барлығын қамту мүмкін болмады да, тек негізгі үлгілері енгізілді. Хрестоматия жоғары оқу орындарына арналған программа негізінде жасалды.