Бұл жинақта ақын шығармаларымен қатар, өзінің жинақтаған мазмұнды да өмірге қажетті материалдары да бар. Май елін басқарған азаматтар жайлы, ақпарат бетіне шығып, ой салған мақалалар да басылды, жастардың болашағы үшін, артта қалған ұрпағы үшін үлгі-өнеге болатын нақыл сөздер, өлең шығармалары таптырмайтын құндылық дүние екенін жеткізгісі келді. Өмір жасы 80 жасқа келіп, кітап шығарып кеткен Сапарбек Мырзатайұлының еңбегі келешек ұрпаққа
тәлім-тәрбие, үлгі болумен қатар асыл мұра болып қалмақ.