Пабло Неруданың орыс тіліне аударылған өлең-поэмаларының көпшілігінде («Сталинградты сүюдің жаңа жыры», «Харама өзеніндегі шайқас» сыяқтылырдан басқаларында) белгілі мөлшердегі ұйқас, буын саны сақталмайды, көбіне өлең сөздерінің ішкі үндестігі, мағна екпіні басым болуы көзделеді.
Біз Пабло Неруда шығармаларын қазақ тіліне аударғанда, жолма-жол, сөзбе-сөз аударудан гөрі, жалпы өлеңнің, жеке сөздердін мағнасын оқушыларымызға толығырақ жеткізу мақсатымен еркін аударылуын, белгілі мөлшердегі буын, ұйқас сақталуын мақұл көрдік.
Сол себепті оқушы жұртшылығының бұл кітапшадағы шығармаларды еркін аударма есебінде қабылдауын сұраймыз.