Жау тылындағы партизандардың астыртын қызметі, кеңес əскерімен бірлесе жүргізген əрекеті фашизмді жеңудегі маңызды фактордың бірі болып табылады. Бұл кітаптың авторы - екі мәрте Совет Одағының Батыры Алексей Федорович Федоров Черниговщинада және Волыняда астыртын жұмыста командир мен партизандардың отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанкиярлықпен жүргізген айбынды
күрестерін адал ниеттілікпен баяндайды. Федоров А.Ф. соғыс жылдарында нешетүрлі жұмыста болған: Украина коммунист партиясының Чернигов облыстық комитетінінің секретары болған ол, басып кірген дұшпанның қыспағында қалған жерлерде ұйымдастырылған сол Чернигов, кейінірек Волынск астыртын обкомының секретары болып істеді. Украинада әрекет жүргізуші партизан құрамасын басқарған.