Бақыт Әбілқасова "Сарыарқа самалы" газетінің Май ауданынан редакцияға хат-хабар жазып, ауыл тіршілігінен мақала жолдап, жиырма жылдан бері үзбей белсене араласып келе жатқан газетінің штаттан тыс тілшілерінің бірі. Бақыт үнемі өзінің ізденгіш қабілетімен заман ағымына орай әртүрлі мақалаларға жол таба білетін жан. Соның айғағындай көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, өзі туып-өскен Май елінің мерейтойына арналған жинағы дәлел. Оның бұл еңбегі "Сарыарқа самалы" газетінің редакциясында теріліп беттелді. Жинақта негізінен Май ауданының құрылыуынан бастап, оның өткен әр кезеңдері жайлы баяндалады. Сонымен қатар ауданның қабырғасының қалауына зор үлес қосқан ұрпақтардың өкілдерінің абыройлы істері мен өнегелі өмірлері жайлы сыр шертеді. Жинақтың атауының ішіндегі материалдардың сай келіп тұрғаны, оның жауапкершілікпен мән беретіндігін аңғартады. Бақыттың еңбегіне редакция ұжымының ризашылығын білдіре отырып, оқырмандар көңілінен де шығады деген сенімдеміз.