Ризолла Бұланбайұлы Ауанның бұрын өлеңдері баспасөз бетінде жарияланып жүрсе, бұл жолы "Ел тірегі - ел тілегі" атты кітабы оқырман қауыммен жүздесейін деп отыр. Кейбір ақындар үшін позия машық, кейбіреулер үшін атағын шығару жолы, ал кейбіреулердің жұртқа жеткізем деген сыры мен мұңы. Ал Ризолла аға үшін - өлең жазу өзінің ішкі дүниесінің сезімін жеткізу. Ауыл тіршілігінде замандас құрбы-жолдас жораларының ара қатынастарындағы әзіл-қалжыңға толы жыр шумақтары көңілге жылулық ұялатады. Қабыл алыңыз!