Қазақтың белгілі жазушысы, соғыс ардагер Қалмұқан Исабаевтың «Айқыз» романы жайлы айтар болсақ, қарапайым қазақ әйелін тағы бір қырынан танытатын роман. Ескі дүниеге қарсы ашық айқасқа шыққан Айқыздың ел бостандығы жолындағы сүбелі істері сөз болады. Ержүрек революционер әйелдің бойынан табылған өжеттілік, қарапайымдылық, бауырмалдыққа, турашылдыққа бас иесің. Ажал аузында тұрып, әділет жолындағы күрестің жеңетіндігіне де кәміл сенеді. Романды оқи отырып сужүрек, ез еркекті, батыл да батыр, қиындыққа мойымаған әйелдер, бауырмал ағайындылар өмірімен танысасыз. Оқыңыз, жазушының әр еңбегі
өзгеше бір әлем!