Бұл кітапқа кіріп отырған шығармалардың басым көпшілігі - әр кезеңде, әр жинақта бір-бір рет жарық көрген өлең, поэмалар. Кайта басылуы - осы ғана. Бұл - қиын-қыстау майдан жағдайында, асығыс, жас қаламнан шыққан бірсыпыра нәрселерді қайта қарауға себепкер болды. Елеулі өзгерістерге ұшыраған шығармалардың соңында алғашқы жазылған жылдары мен өңделген жылдары қоса көрсетілді. Мысалы, «Қызыл галстук» атты поэма мүлде қайта жазылды, «Нұрлы жол» поэмасына бір кішкене жаңа тарау қосылды. Сонымен, оқушы жұртшылығы мен сыншылардың "автор бұл жәйттерді шығарманың келесі басылуында ескеруі керек" деген сияқты талап-тілектері біркелкі ескерілген тәрізді.
Ал соғыс кезінде, шет елдерде жазылған өлеңдердің ой-идеясына, көңіл күйіне, әлбетте, ешқандай қосымша да, өзгеріс те енгізілген жоқ. Бірақ шұбалаңқы көп сөзділіктен арылту мақсатында, ел өміріндегі күрделі оқиғалардың естелігі, автордың творчестволық жолының ой-қырын көрсетеді делінген кейбір қажетті өлеңдер елеулі қысқартудан өтті, бірнеше шумақта айтылған ойдың бірер жолға түсірілген жайлары болды. Соның үстінде ырғақ, ұйқастардағы үстірттік, салақтық салдары да біраз ықшамдалды. Әрине, бұрынғы жинақтарда басылған өлеңдердің бұл кітапқа кірмей қалғандары да толып жатыр.
Сонымен, оқушы жұртшылығы мен сыншылардың «автор бұл жәйттерді шығарманың келесі басылуында ескеруі керек» деген сияқты талап-тілектері біркелкі ескерілген тәрізді. Одан қаншама ұтып, қаншама ұтылғанымызды олардың өздері айтар. Автор қадірлі ұртшылығымыздың қатал да әділ сынына құлағын тосуға да, жанын тосуға да бар.