Қарт Ертістің Павлодар облысына қараған өңірі жұртшылығына ақындығымен танылған,
қазақтың біртуар ұлы Иса Байзақовтан бата алып, оның ақындық өнерін әрі қарай
сабақтаған ақтоғайлық Қимадиден (Қимаш) Нығмановтың бұл кітабына өзінің көзінің тірісінде баспадан шықпаған "Естай", "Мақаш", "Тыңдағы отау" поэмалары және ертістік ақын Қабек Сағитовпен айтысы еніп отыр. Ақын шығармаларымен танысу арқылы кітапқұмар қауым ақын әрі сазгер Естай Беркімбаев өмірі мен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың жүріп өткен тар жол, тайғақ кешулерінен мағлұмат алады. Ақын шығармалары кімнің де болсын окуына жеңіл. Әсіресе халқымыздың жас ұрпағын отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы ерекше.