Акын, жазушы, журналист Жұмағали Қоғабайдың «Оюында ой-орман, өрнегінде аққу-қаз» атты деректі кітабында саналы ғұмырын қазақ ою- өнерін дамытуға арнаған екібастұздық талантты қолөнер шебері, көп бала тәрбиелеп өсірген «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегері, ұлағатты ана Зылиха Төлегенованың өмір жолы, өнердегі өсу жолы, жастарға үлгі болар ұйымшыл отбасы тәрбиесі керкем тілмен, дәйекті дерекпен баяндалады. Бұған қоса кітапқа елге танымал талантты, қаламы жүйрік журналистер Бақыт Баймұратов, Жанаргүл Қадырова, Айнұр Мейрамова, Дина Жұмадилова, Дария Ерғазина, ақын маркұм Күлшат Қаламбаева, Ғ. Шайкеновалардың өнерлі апаларының еңбегі, Кенжетаевтар, Қадыровтар әулеті жайында әр жылдарда жазған суреттемелері, танымдық макалалары, көрермендердің құттықтаулары мен тілектері және бір топ за- мандастарының естеліктері енгізілді.