Бұл кітаптың авторы - белгілі қазақ ақыны Әбдікәрім Ахметов. Ол 1924 жылы Қызылорда облысында туған. Жастық шағы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарына тура келген. Ұзақ жылдар (1943-1950) әскер қатарында қызмет еткен. Елге оралған соң «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы бөлімшелерінде, көркем әдебиет баспасында істейді. Мәскеудегі Әдебиет институтынында оқыған. Алғашқы жинағы «Өлеңдер» деген атпен 1953 ж. жарық көрген. Ә. Ахметовтың философиялық терең ойға, нәзік сезімдерге толы «Халықбек» , «Екінші дәптер», «Нан туралы сөз» өлең кітаптары шыққан. Ақынның «Өшпеген жалын» жинағына поэмалар мен таңдамалы өлеңдері топтастырылған. Шығармаларының ішінде «Павлодар», «Екібастұз аңызы» атты өлеңдері бар.