Жамбыл балаларға арналған өлеңі арқылы жас өспірімдерді тәрбиелеуді іске асырған және соның тамаша үлгісін көрсеткен патриот ақын. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздерін жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы қасиеттерді шыңдай түсуге, адамгершілік сапаны ардақтай білуге, өз Отанының мақтанышы, азаматы болуға баулиды.