Бұл жазушының "Жаралы жердің жанары" аталатын жинағының екінші кітабы. Кітаптың негізін "Сергелдең" атты повесі құрайды. Онда ауыл адамдарының ұлы қазан төңкерісінен кейінгі жаңа коғам орнату кезеңіндегі сергелдеңге толы өмірлері сөз болады. Ұлы тәркілеу, аштық, қуғын сүргін, тың игеру, сөз болады. Семей полигонындағы сынақтардың адамдар өміріндегі әсері шынайы көрініс тапқан. Сол сияқты кітаптың "Ойын сауық отауларына" атты бөліміндегі сахналық көріністер ауылдағы клубтар мен мәдениет үйлерінде жұмыс істейтін көркем өнерпаздар үйірмелері үшін сұранысқа ие болатынына сенімдіміз.