"Қазына аралы" - шотландиялық жазушы Р.Л. Стивенсонның романы. Бұл туындыда теңіз қарақшысы Флинттің елсіз аралда жасырған қазынасын іздеу жолындағы шытырман оқиғалар туралы айтылады. Роман таңғажайып оқиғаларға толы. Автор қазына іздеушілердің қатерлі сапары жайлы аса әсерлі баяндаған. Әлеуметтік тапсырыстың ауанында толайым жұтылып кетпей, мәселенің екінші жағын, алтын мен қазынаға қызыққан адамдардың рухани жағынан азғындап, дуние мен малдың құлына айналып кетер қатерлі дертін де романда шынайы, жазушыға тән гуманизммен суреттеген.