Әңгімелер

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазмемкөркемәдеббас
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 77 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
Жаңа Қытай әдебиетінің негізін салушы Лу Синь 1881 жылы Даосин қаласында (Чжэ-цзян провинциясы) туған. Семьясы тандыры кепкен жоқшылық көріп, Лу Синь бала жасынан туыстарының қолында болды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Жапонияда медицина ғылымын үйренді. 1990  жылы туған еліне қайтып келіп, педагогика жұмысымен шұғылданды. Шығармалары 1918 жылдан беріқарай ұдайы басыла бастады. Халыққа ұғымды, жатық тілмен жазылған "Ұран", "Адасу" атты кітаптарында жыйналып басылған оның реалистік әңгімелері феодалдар мен империалистердің тепкісіндегі еңбекші қытай халқының адам айтқысыз ауыр тұрмысын ерекше күшті жігермен суреттеді. Қытай әдебиетін демократияландыру жолында халық ағарту жолында күресе отырып, Лу Синь көркем шығармалармен қатар қытай әдебиетінің тарихы жөнінде зерттеулер жазды; бұл зерттеулерінен бірқатар мәселелерді жаңаша қозғап, феодалдық және буржуазиялық сыншылар әдейі ұмытқан, халық өмірімен тығыз байланысты әдеби ескерткіштерді алға шығарды. Өзінің публицистикалық мақалаларында Лу Синь нағыз революционерге біткен ерлікпен феодалдық идеологияға, халықаралық реакцияға қарсы шықты.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.