Апенниннен Анды тауларына Әңгіме

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазмемкөркемәдеббас
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 52 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
Эмондо де Амичис (1846-1907) - Италияның белгілі жазушысы. Ол мұғалім және қоғам қайраткері болды, XIX ғасырда Австрия монархиясының билеп-төстеуінде  болған Италияны азат ету, біріктіру күресіне белсене қатысты. Амичис дүние жүзін көп аралаған адам еді, сондықтан ол өзі суреттеп жазған өмірді жақсы білген. Ол Испанияда, Англияда, Голландияда, Солтүстік Африкада, Турцияда, Францияда, Оңтүстік Америкада және басқа да елдерде болды. Оның шығармаларынан пақыршылыққа, қайыршылыққа ұшыраған Италия еңбекшілеріне деген сүйіспеншілігін, соларға жаны ашып, қайғысына ортақ болғанын айқын көруге болады. Ол халықтың сенімді қорғаушысы болды. Эдмондо де Амичис Италия балалары туралы жазылған "Жүрек" деген тамаша кітабымен бүкіл әлемге әйгілі. Ол оны балалар үшін жазды. Бұл кітап тек Италия балалары емес, басқа да көптеген елдердің балаларының сүйікті кітабы боп кетті. "Жүрек" дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аударылды. Орыс тілінде "Оқушы күнделігі" деген атпен шықты. Сіздерге ұсынылып отырған бұл әңгіме сол "Жүрек" повесінен алынды. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.