Біздің совет жұртшылығының үздік совет педагогы және жазушысы Антон Семенович Макаренконың 1937 жылы жарыққа шыққан "Ата-аналар кітабын" қызыға, зор қуаныш сезімімен қарсы алуы, міне, осыдан еді. Семья тәрбиесі жөнінен ата-аналарға жәрдем етуге жан-тәнімен ынталана отырып, Макаренко өзінің балаларды
тәрбиелеудегі педагогикалық тәжірибесін ортаға салуға тырысты. Бұл - өте маңызды және өте жауапты іс. Автордың өзі, өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзінен-өзі: "Мүмкін бұл кітап - өте батылдық та болар?" - деп сұрай келе, өз міндетінің қаншалықты қиын екенін айқын түсінеді.