Қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың «Келес қызы» повесі кезінде идеялық көркемдігі жағынан айтуға тұрарлық шығарма ретінде танылды. Мақта өсіріп, өнім алудан КСРО-да рекорд жасаған Рыскүл Мақатова туралы бұл повесть қазақ әдебиетінің еңбеккерлер бейнесін жасауда соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі табысы ретінде бағаланды. Қ. Әбдіқадыров шығармашылығының негізгі ерекшеліктері – оның шығармаларының басым көпшілігі жаңа өмірді бейнелеуге, сол арқылы замандастар бейнесін жасауға арналған.