Тумысынан қайталанбас дарын иесі атанған Иса Байзақов шынында да сегіз қырлы, бір сырлы жанның өзі еді. Оның әншілік, домбырашылық, актерлік өнерлерінің ішіндегі ең шоқтықтысы суырыпсалма
ақындығы екені сөзсіз. Осы жинаққа еніп отырған біраз жинақтары мен "Он бір күн, он бір түн" дастаны да бір кештеда тудырған сырыпсалмалық өнерінің жемісі. Тілі кестелі, ойы оралымды ақын шығармалары бірнеше дүркін
жеке кітап болып жариаланса да оқырмандары ортаймайды.