Бұл кітаптың авторы - көрнекті талант иесі, халық ақыны Айнабеков Қайып (1885-1955). Ақын еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі елеулі тарихи оқиғалардың барлығына үн қосып, өлең, дастандарын, толғауларын арнады, көптеген сықақ, тақпақ, терме, нақыл, өлеңдер, аңыздар жазды. Ақын өз жанынан эпикалық дастандар да шығарды. Қайып Айнабеков айтыс ақыны ретінде де белгілі. Қарт ақын қайтыс болған жылы, Асқар Тоқпановтың құрастыруымен «Шығармалар» атты жинағы 1955 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа ақынның өлеңдері, дастандары, мақал-мәтелдері енгізілген.