Саржан сұлтанның көтерілісі ( 1825 - 1836)ж. - Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт азаттық қозғалыс. Хандық биліктің жойылуына байланысты округ және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскері бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солтустік Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өзенінің бойындағы жерлердің орыс казак шаруыларына берілуі және алым - салықтың өсуі де қатты әсер етті. Қазақстанның халық жазушысы Ә.Әбишевтің бұл кітабына "Саржан", "Серт", "Терен тамырлар" повестері енген.