М-Ж. Көпеев шығармаларының этнолингвистикалық сипаты ұлттық қазақ әдеби тілінің құрамдас бөлігі болып табылады. М-Ж. Көпеев ғасыр тоғысындағы алтын көпір. М-Ж. Көпеев шығармаларының бастау көзін Орта ғасыр кезенінен іздестірген жөн. Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Йгунеки т.б. дәстүр тағылымын да М-Ж. Көпеев шығармасынан табамыз. Қазақ әдеби тілі күннен-күнге өсіп, жетілу, толығу үстінде. Тәуелсіздік алған кезеңдегі қазақ әдеби тілінің де даму барысы М-Ж. Көпеев шығармаларының тілімен тығыз байланыста екендігі байқалады. Демек, қазақ әдеби тілі өзінің тарихи этникалық негізінен еш уақытта күдер үзбейді.