Оқу құралында қазіргі қазақ тілі сөзжасам жүйесінде тың бағыт, жаңа сала болып саналатын конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудырудың жалпы мәселелері, оның сөзжасам жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері жан - жақты сөз болады. Автор әсіресе конверсияның бір формасы болып танылатын адъективация процесі негізінде қалыптасқан сын есім тұлғаларына айрықша тоқтала отырып, аталған тәсілдің тілдік табиғатын егжей-тегжейлі атап көрсетуге күш салады. Еңбек жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне, тілші мамандарға, мектеп мұғалімдеріне, ана тілінің тағдырына бей-жай қарамайтын жалпы қауымға арналған.