Кітапқа Шайхыислам Құнанбайұлының көзі тірісінде көңіл елегінен өткізіп, сана таразысына салған тұщымды толғаулары, жалынды жырлары, өміршең өлеңдері енгізілген. Жасы тоқсаннан асқанша, жанары мәңгіге жұмылғанша қолынан қаламын тастамаған ақынның бұл туындысы келер ұрпақ талқысына келелі тақырып ұсынып, адамдық пен адалдық, имандылық пен ибалылық, ізгілік пен ізеттілік секілді
қасиеттерді бағалауға үндейді.