Жинаққа ақынның балауса жырларынан бастап, кейінгі туындыларна дейін енгізілген. Өлеңдер және "Алтынның буы", "Ақшабике" атты екі поэма тақырып орайластығы бойынша бірнеше бөлімге топтастырылып берілген. Адам, қоғам, заман туралы туындылардан тағдыр-талайы жасөспірім кезінен шырғалаңға түсіп, соқтықпалы шығармашылық жолында шындалған ақынның дүниетанымы, саяси көзқарасы, азаматтық ұстанымы айқын аңғарылады.